• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астанада наркограффити жарнамалық парақшаларын таратқан тұрғын ұсталды

22 рет
көрсетілді

ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасымен «Заң және Тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында және нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес мақсатында елорда прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары халықтың денсаулығына және моральдық құндылықтарға қарсы қылмыстарды анықтау және алдын алу, оның ішінде граффити анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерлері Абылай хан даңғылы, 6/7 үй мекен-жайында 50 мың теңге табыс табу жөніндегі жарнама жазылған наркограффити жарнамалық парақшалары бар тұрғынды ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Келесі жағдайда, Орынбор көшесі, 12 үй мекен-жайында «жасырушы» ретінде жұмыс істеуге қатысты QR-кодпен жапсырылған заңсыз жарнама орналастыру фактісі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала тұрғыны есірткі құралдарын таратуды насихаттайтын арнада жұмыс істеп, табыс табу мақсатында «Telegram» мессенджері арқылы тіркеліп, қала бойынша QR-кодтары бар жапсырмаларды басып шығарып, жапсырумен айналысқаны анықталды», делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 299-1-бабы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Бұл бағыттағы жұмыстыр әлі де жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тексерістерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлікті тәркілеу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.