• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2023

Атырау көшелерінің біріне Мұстафа Өзтүріктің есімі берілді

257 рет
көрсетілді

Атырау қаласында көше атауы ҚР таеквондо (WT) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің есімімен аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияның Қайсері қаласына қарасты Мұсаходжалы ауылында 1954 жылы дүниеге келген, айтарлықтай ірі жетістіктердің иесі Мұстафа Өзтүрік - таеквондодан 6 данды иеленген алғашқы қазақ және таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы.  

Ол Түркияның Стамбул қаласы мен Германияның Кельн, Мюнхен қалаларында таеквондо мектебін ашып,  Германияда арнайы қарулы күштер мен полицейлерді жауынгерлік өнерге баулыған.

Мұстафа Өзтүрік таеквондодан жаттықтыратын Түркия құрамасы 1980 жылы әлем чемпионатында екінші орын алып, сенсация жасады.

Ал 1990 жылдың көктемінде сол кездегі комсомол хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың шақыруымен атажұртқа оралған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыда спорт мектебін ашты.