• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2023

Шахтинск жұрты қыста тоңбайды

187 рет
көрсетілді

Шахтинск қаласы – Қара­ғанды облысының ірі өнер­кәсіптік аудан­дарының бірі. Шаһар­дың электр энергиясын заман ағымына сай та­ратуда тиісті кәсіп­орын­дарының алар ор­ны айтар­лықтай. «Шах­­тинсктеп­ло­­э­­нер­го» жауап­кер­ші­­лігі шектеулі серіктес­тігі – Шах­тинск қала­сын жылумен жабдық­тайтын жалғыз қай­нар көзі. Жылу электр орталығы қолда­ныс­қа 1964 жылы тап­­сырылған. Қазіргі уа­қытта жылыту ке­зеңі­не дайындық ая­сын­да жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп жатыр.

«Бекітілген инвести­циялық бағдарламаға сәй­кес биыл Индус­триальная кө­шесі бойындағы кірпіш зауыты ауданындағы ма­гис­тралдық құбыр учас­кесін қосымша құн салы­ғынсыз 23 млн теңге сомасына жаңалау жұмысы жоспар­ланды. Сараптау амалдары кезінде Мо­ло­дежная көшесінің бойын­дағы магистралдық құ­быр­лардың тозығы жет­кені анықталды. Ал­да­ғы уақытта оқыс оқи­ға­­лар­­дың алдын алу мақ­­са­тында құбырларды ауыс­­­ты­ру шаралары жедел түрде қолға алынды. Мер­дігер – «Bolashak Build Com­pany» компания­сы та­ра­пынан Табиғи монополияларды реттеу коми­тетіне инвестициялық бағ­дар­ламаға тиісті өзгерту енгізуге өтінім жолдады. Ко­митет ұсынысты қарас­ты­рып жатыр»,  дейді «Шах­­тинсктеплоэнерго» ЖШС директоры Мұрат Әлімов.

Шаһардағы жалғыз жы­лу компаниясы 250 көп­қабатты тұрғын үйді, 25 әлеуметтік нысанды, 17 білім нысанын, төрт медициналық мекемені, үш мәдениет және бір спорт нысанын жылумен қамтиды. Онымен қоса, 15 әкімшілік нысан бар.

«Инвестицияларға айырбастау тарифі» мем­лекеттік бағдарламасы шең­берінде инвестбағ­дар­ламаға бюджет қаражаты есебінен орындалатын жә­­не тарифтің ша­масына әсер етпейтін жалпы сомасы 77 мил­лион теңгеге 536 метр жылу же­ліле­рін ауыстыру бойын­ша қосымша іс-шаралар енгі­зілген еді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойын­ша мердігерлермен тиіс­ті келісімшарттар жасалып, жұмыстар кес­теге сәйкес жүргізіліп жа­­­тыр.

Инвестициялық бағдар­ламаның барлық іс-шара­сы Шахтинск қала­сының тұрғындары мен кәсіп­орын­дарын жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталғаны бел­гілі. Бұл ретте кешенді атқарылып жатқан жұмыс­тардың бір бөлігі қаланың тыныс-тір­шілігін қолдау үшін ерекше маңызды.

Табиғи монополиялар­ды реттеу комитетінің Қа­рағанды облысы бойын­ша департаменті ұйытқы болған баспасөз туры­на қатысушылар Жеңістің 40 жылдығы мен К.Маркс көшесіне дейінгі магис­тралдық құбырларды жаңа­лау бойынша орындал­ған жұмыс барысымен танысып, жылыту маусымына даярлық деңгейіне көз жет­кізді. Іссапар барысында БАҚ өкілдері компания қызметіне, сондай-ақ кәсіпорынның жұмыс жос­парын уақтылы әрі сапалы орындауға қатысты сауал­дарын жолдап, құзырлы мекемелер өкілдерінен тиіс­ті жауап алды.

 

Қарағанды облысы