• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Теннис 23 Тамыз, 2023

Іріктеу сайыстары басталды

166 рет
көрсетілді

Таяу күндері Нью-Йоркте басталатын АҚШ-тың ашық біріншілігінің іріктеу сайыстарында Қазақстанның теннисшілері кімдерге қарсы ойнайтыны белгілі болды.

АТР рейтингінде 128-орында тұған Тимофей Скатов үздіктер тізімінде 240-сатыға жайғасқан жапониялық Каичи Учидомен шеберлік байқасады. Әлемнің 243 ракеткасы Михаил Кукушкин италиялық Маттиа Белуччимен күш сынасады. 22 жастағы Апеннин түбегінің өкілі рейтингте 184-орынды еншілеуде. Ал жарыстың негізгі бөлігінің жекелеген сайысында Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Жұптық бәсекеде Александр Недовесов пен Андрей Голубев және Анна Данилина бақ сынайды.

АҚШ-тың ашық біріншілігінің жүлде қоры биыл 29 488 400 долларды құрап отыр. Бас жүлдені олжалаған теннисші 3 000 000 алса, финалда ұтылғандарға сол соманың тең жартысы беріледі. Ал алғашқы айналымда сүрінгендер 22 000 долларды қалтасына басады.