• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Тамыз, 2023

Ардагерлердің зияткерлік сайысы

229 рет
көрсетілді

Ақсақалдардың әрбір тағылымды ісі жастарға үлгі-өнеге. Қоғамда қандай іс-шара болмасын жасы үлкендердің ақылымен, бағытымен жүзеге асырылып келеді. Соның бір көрінісіндей жақында Конституция күніне орай ардагерлер арасындағы сөзжұмбақтан тапқырлық сайысы ұйымдастырылды.

Шахмат, дойбы, тоғызқұ­малақ тәрізді ақыл-ойға салмақ түсіретін сөзжұмбақ шешу сайы­­сы алғаш рет өткізіліп отыр­­­ғандықтан, ардагерлер ерек­­ше қызығушылық танытты. Аталған іс-шараны Тараз қа­ла­­лық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Күләш Әбдікешова ашты.

– Қалалық ардагерлер кеңе­сі қариялардың қоғамнан тыс­қары қалмауына назар ауда­рып, түрлі іс-шаралар арқылы олардың басын біріктіріп отыруды көздеп отырады. Бүгінгі өткізгелі отырған іс-шара сондай игілікті істердің бірі, – деді Күләш Әмедияқызы.

Сондай-ақ ол зияткерлік сөзжұмбақ сайысына бастамашылық танытып, ұйымдастыра білген ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі Алдаберді Мақашевқа алғысын білдірді.

Іс-шараның ашылуына қатысқан Жам­­был облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы аясында өтіп отырған ізгілікті іс-шараның тыңнан басталып отырғанын айта келіп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мұнан соң сайыс төрешісі, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев қатысу­шыларға сайыс шарттарын таныстырды.

Сонымен сайыс нәтижесінде Сатыбалды Досымбеков, Нұржамал Пірәлиева үшінші орынды, Аманқұл Исқақов, Ханымкүл Бесінбай екінші орынды иеленсе, сөз­жұмбақтың шешуін толық таба білген ардагеріміз Тәсілім Қожатаев бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, бағалы сый­лықтарға ие болды.

 

Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің

жауапты хатшысы