• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Тамыз, 2023

Ақмола облысының 10 тұрғыны сібір жарасын жұқтырған

261 рет
көрсетілді

Ақмола облысының 12 тұрғыны ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, 10 адамнан сібір жарасы анықталды, тағы 2 адамнан аталған дерттің белгілері байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына сілтеме жасап.

«ЖШС директорының айтуынша, 32 бас ірі қара өлген. Өлген малдың көзі жойылды», деп мәлімдеді басқарма қызметкерлері.

Науқастармен байланыста болған 22 адам анықталды, олар Жарқайың орталық аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.

Ауылға карантин енгізіліп, кіреберісте полиция жасақтары күзет қойған, кіріп-шығатын көліктер мен тұрғындар да қатаң бақыланады.