• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Қыркүйек, 2023

Шетін мәселе шешімін тапса

280 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде бүгінде халықты әбігерге салған мектеп, су, газ, энергия көздерінің қолға алу мәселелері бар.

Президент өз сөзінде «Су үнемдейтін технологияларды енгізу аса маңызды. 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Су шаруашылығы нысандарының 60%-ы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте шұғыл шаралар қажет» деп атап өтті. Осы ретте Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты.

Су мәселесінің өте өзекті екені рас, әсіресе ашық су көз­де­рі жоқ, теңіз суын ауызсу ре­тін­де тұшытып пайдаланатын Маң­­ғыстау өңірін­де су жылдан-жыл­ға өте өзекті мәселеге айналып келеді. Халық санының артуы, өнер­­кәсіп орындарының ашылуы да жағдайды қиындата түсуде. Мал және егін шаруашылығындағылар үшін құдық көздерін қазу немесе байырғы құдықтар көзін аршып пайдалану тиімді болатын түрі бар. Қары мен жауын-шашыны аз өлкеде қолда бар суды, ауызсуын ұқыпты, тиімді пайдаланбай, бей-берекет жұмсау түбі ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін. Сондықтан Мемлекет басшысының суды үнемдеу, суды пайдалана білу мәдениеті, судағы «көлеңкелі» іс-әрекеттерге қатал қарау бастамасы қуантарлық.

Осы аталған жобаларға қатыс­ты мамандар Президент Жол­дауының маңы­зын ұғына отырып, ондағы тап­сырмалардың реттілікпен іске асуы жолында жұмыла еңбек етуге тиіс.

 

Серік ӘБУОВ,

«Тиген» шаруа қожалығының төрағасы

Маңғыстау облысы