• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2023

Алашордашылар да білімге дінді телімеген – депутат

203 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев білімге дінді қоспақтауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент кулуарында депутат А.Перуашев журналистердің сауалына жауап берді.

«Алашорда қайраткерлері ұстанған талаптың бірі – білім беру саласына дінді араластырмау.  Біз де сол ұстанымды құптаймыз, білім беру өрісі діннен, басқа да ағымдардан азат болуы керек», деп жауап берді Перуашев.