• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Басылым 07 Қыркүйек, 2023

Қазақстанда референдум өтеді

237 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ха­лық­қа Жолдауында елдегі алғашқы атом электр стансасын салу-салмау мәселесін шешу үшін референдум өтетінін мәлімдеді. Оның нақ­ты күні кейінірек хабарланады.

Орталық Азияда орналасқан мемлекет бұл идеяны талайдан бері талқылап келеді. Үкімет жаңа  өндіру қуаты қажет екенін алға тартады. Қазіргі таңда оңтүстік-шығыста орналасқан Алматы облысында нысанның жоспарланған орны белгіленді. Бірақ жобаға қарсылар жетерлік. Біріншіден, АЭС-тің қауіпсіздік мәселесіне алаңдайды. Екіншіден, Кеңес үкіметі тұсында Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстан хал­қына әбден үрей салған.

«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр стансасын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін бі­ле­сіздер.

Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық стансалар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшы ядролық стансаның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.

Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжей, кең ауқымды талқы­лауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стра­тегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет», деді Қ.Тоқаев.

 

Тоқаевтың экономикалық ұстанымы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділет­ті Қазақстанның эконо­ми­калық бағдары» атты Жолдауында ауқымды эко­но­микалық рефор­маның күн тәртібін жарияла­ды.

Бұл кешенді жоспар Қазақстанның гүлденген болашағын қалыптастыруға, сонымен бірге елдің экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуіне деген ұмтылысын көрсетеді. Жолдаудағы негізгі тақырыптың бірі Қазақстанда қарқынды индус­трия­лық негіз құруға бағытталды. Эко­но­миканың қозғаушы күші саналатын индустрияландыру Қазақстанға бөтен емес. Дегенмен Президент ауыр машина жасау, уран байыту және автомобиль құрамдас бөліктері секілді салаларды жан­дандыруға тапсырма беріп, экономиканы әр­тараптандыруға ерекше ден қойып отыр.

Сонымен қатар алғашқы үш жылда шетелдік және отандық инвесторларды салықтан босату туралы ұсыныс Қазақстанның қомақты инвестиция тартуды мақсат еткенінің айқын белгісі. Бұл қадам тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға жол ашады.

Президент Тоқаевтың салық-бюджет және ақша-несие саясатын үйлестіруге шақыруы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуге ұмты­лысты көрсетеді. Жоспар бойынша жыл сайын ел эко­номикасы 6-7 пайыз көлемде өсуге тиіс, бұл Қазақстанның ұзақмерзімді дамуы үшін өте маңызды. Мұндай өсімге қол жеткізу инфляция мен қаржылық тұрақсыздыққа қауіп төндірмей, экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін фискалдық және монетарлық құралдарды ұтымды басқаруды талап етеді.

Президенттің бәсекелестікті арттыру және кор­поративтік несиелендіруді арттыру үшін шетел­дік банктерді тартуға баса назар аударуы – бизнес үшін капиталдың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

 

Қазақ елінің өршіл бастамасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әді­летті Қазақстанның эко­но­ми­ка­лық бағдары» атты халыққа Жол­да­уын­­да ел­дің экономикалық және саяси бола­ша­ғы­ның өр­шіл бағытын белгі­леді.

Қазақ мемлекетінің даму траекториясын жіті бақылап жүргендер үшін Президенттің жоспары жүзеге асатынын түсінеді. Экономикалық тұрғыдан Президент утопиялық ұзақмерзімді мақсатты емес, оның орнына прагматикалық көзқарасты таңдады. Алдағы үш жылда қол жеткізуге болатын міндеттер жүктеді.

Жаһандық экономикалық белгісіздік жағ­дайында өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған күш­ті индустриялық негізді қалыптастыру ұтымды қадам. Оның үстіне экономиканы әртараптандыру, әсіресе металдарды, мұнайды, газды және уранды терең өңдеуде Қазақстанның экономикалық болашағын сақтау маңызды.