• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2023

Үздіктер үкіленді

157 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

– Ұлт ұстазы – Ахмет Бай­тұрсынұлының туған күні және Тілдер күні ме­рекесіне орай өткізілген шара мемлекеттік тіл мен шет тілін оқытып жүр­ген оқытушыларға қол­дау көрсету, олардың кә­сі­би әлеуетін дамыту, озық тәжірибелерін тара­ту, тілдерді оқыту орта­лықтарының оң имид­жін қалыптастыруды мақсат тұтады, – дейді «Шы­рақ» тіл­дерді оқыту орта­лы­ғы­ның директоры Саят Тұяқ­баев.

Қала әкімінің «Тіл үз­дігі» сыйлығы 8 аталым бо­йынша тапсырылды. «Үз­дік оқытушы» аталымымен «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының оқы­тушысы Әсия Смыкова, «Үздік тыңдаушы» аталымымен «Алмагүл» бала­бақ­шасының тәрбиешісі Ирина Магина марапатталды. «Үздік тіл жанашыры» «Баләлем» тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Жанна Кұттыбаеваға бұйыр­­ды. «Шет тілін үздік оқы­тушы» Ә.Сағынов атын­дағы Қарағанды техни­калық университетінің шет тіл­дер кафедрасының аға оқы­тушысы Гүлсара Аман­­гелдина деп танылды. «Мекеменің үздік қыз­меткері» аталымында об­лыстық тілдерді оқыту ор­талығының қызметкері Әсет Есмағамбетов, «Үздік тіл майталманы» аталымында тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығының бөлім мең­герушісі Жұпар Жақан топ жарды.

«Үздік жас маман» «Бо­лашақ» жоғары кол­лед­жі­нің оқытушысы Ақ­бота Бе­кімұратова, «Үздік тіл маманы» аталымымен қо­ғам белсендісі Эльмира Сай­лауқызы марапатталды.

Жеңімпаздардың әр­қай­сысына 250 мың теңге көле­мінде ақшалай сыйлық пен дипломдар табысталды.

 

Қарағанды облысы