• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мәдениет 12 Қыркүйек, 2023

Тіл жанашырлары марапатталды

363 рет
көрсетілді

«Тілім» деп шыр-пыр қағып жүрген шын жа­нашырларға құрмет көр­сетудің еш әбес­тігі жоқ. Дәп осындай үрдіс Қарағандыда қа­лыптасқан. Дәстүрге ай­налған облыс әкі­мінің «Тіл жанашыры» сыйлығы бар. Кү­ні кеше сегіз аталым бо­йынша үздік деп та­нылған ана тілдің абы­ро­йын ойлағандар төрге озды.

Аталған сыйлық 2012 жыл­дан беріліп келеді. Осы уақыт аралығында 400-ден астам адам қатысып, тілге жанашырлық та­нытқан озаттар марапатталды. Биыл «Тіл жанашыры» сый­лы­ғының лауреаттарын ірік­теу жө­ніндегі комиссия 8 аталым бойын­ша қатысуға ниет білдірген 35 адамның жұмысын қараған. Сал­та­натты шарада Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов құттықтау сөз сөйледі.

«Бұл мереке – еліміз үшін ма­ңызды. Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев: «Хал­қы­мыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты бай­ланыстыратын маңызды құ­рал», деп атап айтты. Елімізде барлық этнос өкілдерінің ана ті­лін дамытуға барынша жағ­дай жасалып келеді. Оның ішінде мем­лекеттік тілді қолдану аясын ке­ңейту шаралары жүйелі өтіп келеді. Мемлекеттік тіл­ге деген сұраныс жоғары. Заман талабына сай тіл оқы­ту жұмыста­ры, жаңа технология, үздік әдістемелер­мен жетілдірілді. Аймақта қазақ тілінде тәлім-тәрбие, білім беретін балабақшалар мен мек­тептердің саны жыл сайын артып келеді. Тіл сая­сатын іске асыру бағытында ат­қа­рылып жатқан жұмыстар мен же­тістіктерге облысымыздағы тіл жа­на­­шырларының да қо­сар үлесі мол», дей келе, облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қоңырбайұлы мереке күні өңіріміздегі тіл саясатын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге зор үлес қосып, айрықша еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

Облыс әкімінің орынба­сары «Тіл жанашыры» сый­лығының ең бас­ты жүлдесі «Тіл майталманы» ата­лы­мы­­ның лауреатын ма­рапат­тады. Бас жүлде Қазақ тілі оқытушыларының халық­аралық бірлестігінің мүшесі, Қарағанды об­лыстық тілдерді оқыту орта­лы­ғы­ның директоры Алмагүл Иге­новаға бұ­йырды. Марапат иесіне «Тіл жанашыры» сыйлығының арнайы мүсін­шесі, диплом және 1 млн теңге сертификат тапсырылды.

«Еңбектің бағаланғаны қуа­­­ныш, әрине. Бұл, ең алдымен, жауап­кер­шілік. Осы жеңіс менің ғана емес, әріп­­тестерімнің де жеңісі. Өйт­кені біз үлкен жобаларды әріптестерімізбен бірге жасаймыз. Осы байқауға соң­­ғы үш жылда жарық көрген ең­бек­терімізді, жетістіктеріміз­ді ұсы­н­дық. Бағдарламасы Жо­ғары сот­та ма­құлданған сот саласының қыз­мет­керлері­не арналған 3 деңгей­­лі оқу-әдістемелік кешен жасадық, аудиоқұралымен бірге. Рес­публика бойынша барлық сот жүйесінде біз шығарған оқу құралымен оқытады. Сондай-ақ Қарағанды облысында ғана бар өзіндік баламасы жоқ жобалар жасалды. Сауда, медицина, банк, нотариат саласына арнал­­ған оқу құралдары жарық көрді. Тіл комитетінің сараптамасынан өткен біз дайындаған оқу құралдары рес­публика бойынша мың данамен ­тегін шығарылды. Оқу құралдарының ­веб нұсқасы бар. Қазірдің өзінде үлкен жобалар қолға алынды», дейді бас сыйлықтың иегері.

Сонымен қатар мемле­кет­­тік тіл саясатының өзекті мәселелерін жү­йелі әрі сапалы жариялағаны және материал беру бірегейлігі үшін беріле­тін сыйлықтың «Тіл жаршы­сы» аталымымен әлеуметтік желіде 54 мың оқырманы ­­бар блогер, журналист Айсұл­­­­тан Жақып ма­рапатталды. Тіл мә­селесін өткір кө­теріп ­хабар да­йындаған өңірдің ­бұ­қара­лық ақпарат құрал­дары ­өкіл­­деріне берілетін «Үздік телехабар» аталымы «Saryar­qa» теле­ар­на­сының шеф-редак­торы, журналист Гүлбақша Ақажановаға бұйырды.

«Мемлекеттік тіл – бизнесте» ата­лымы бойынша BioHumus ғы­лыми білім беру орталығының же­текшісі, жаратылыстану ғы­лым­да­рының магистрі, PhD Арай­лым Серікбай жеңімпаз атанды. Ал «Тіл білгірі» аталымымен мем­лекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілі, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия директорының тәр­бие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ольга Тим ма­рапатталды. Са­ран қаласы тілдерді да­мыту ор­талығының оқытушысы Динара Жүпенова «Үздік оқы­тушы» аталымында лауреат атанды. Шет ауданының мә­де­ниет, тілдерді дамыту, де­не шынықтыру және спорт бөлі­мінің бас маманы Гүлзада Мах­­мұтова «Мемлекеттік тіл – мем­­ле­кет­тік қызметте» аталымы бо­йынша жеңімпаз атанды. «Жас полиглот» аталымында Теміртау қаласы №9 ли­цейінің шет тілі пәнінің мұға­лімі, І санатты педагог Данияр Жаңабаев жеңіске жетті.

Жеңімпаздарға «Тіл жа­нашыры» сыйлығының мүсін­шесі, арнайы диплом және 500 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.

 

Қарағанды облысы