• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2023

Жұрт күткен сапаржай

143 рет
көрсетілді

Астықты алқабымен ырысы артқан Нұра ауданының орталығынан сапаржай ашылды. Енді, жолаушылар такси қызметіне жүгініп, күрежолға шығып, автобус тосып, көп кідірмейді. Маршруттар орталыққа кіріп, сапаржайға аялдайды. Кесте бойынша Астана, Қарағанды бағыттары бойын­ша жолға шығады. Жаңа нысанды Андрей есімді «елім» деген кәсіпкер салып берген.

«Туған жерге туың тік» де­­ген сөзді сүйегіне сіңіре біл­­­­ген кәсіпкер сапаржайды өз қа­­ра­­жатына көтерген. Күн ба­­­та­­­реяларынан электр қуа­тын алатын, газбен жылынатын экопавильонға 8 миллион теңге жұмсалыпты. Кәсіп­кер­­дің сапар­жайдың жанында дәмха­насы, дүкені бар. Автобус жүргізушілері, жолаушылар ауқаттана алады.

– Жаңадан салынған сапар­жай облыс әкімінің тіке­лей тап­сырмасымен салынып отыр. Осы орайда ұсыны­сы­­мы­з­ды қолдаған жеке кәсіп­кер Андрей Рыженковқа риза­шы­­лы­ғымызды жеткізгіміз келеді. Осыдан бірер жыл бұ­рын кентіміздегі маршрут­тар жүретін орын жабылып қал­ған еді. Автобус қызметі қайта жанданғанымен, көлік тоқтайтын нысанның жоқты­ғы жолаушыларға қолайсыз­дық тудырған еді. Міне, Андрей секілді жанашыр аза­мат­тар­дың қолдауымен бұл мәселе шешімін тауып отыр, – дейді Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұрын жолаушылар жолға такси жалдап барып, автобусқа мінетін. Соның шешім тапқа­ны­на кент тұрғыны Сәуле Құрманова бек риза.

– Бұрын автобустар кенттің ішіне кірмейтін еді. Автобусты далада күтетін едік. Жаздың күні жарайды дейміз. Ал қыста қиындық тудыратын. Баламен жүргендерге, тіпті. Міне, енді мұны ұмытатын болдық. Жаңа, жайлы сапаржайымыз бар. Андрей есімді кәсіпкерге мың рахмет. Ауылын ойлаған азаматтың жолы ашық болсын, деп жылы лебізін жеткізді Сәуле Сейілханқызы.

Жақында касса жұмысы іске қосылады. Мұнда Қара­ғанды – Урожайный (Егінді), Қарағанды – Нұра (Осакаров арқылы), Қайнар – Изенді – Жарас­пай – Нұра–Астана ба­ғыт­тары бойынша автобус­тар тоқтайтын болады.

Сапаржайда билет алатын касса, буфет, жанында дәмхана, дүкен және дәріхана бар.

 

Қарағанды облысы,

Нұра ауданы