• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қыркүйек, 2023

Президент әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

312 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», деді Президент.

Айта кетейік, Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Ризабек Айтмұхан алтын медаль олжалаған еді.