• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қыркүйек, 2023

Құрлықтың өзекті мәселелері

231 рет
көрсетілді

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­блеясының 78-сессиясы аясында қосымша бірқатар ма­ңыз­ды кездесу ұйымдастырылды. Қазақстан Сырт­қы істер министрлігі осындай іс-шара­лар­­ға қатысты.

Атап айтқанда, мұхиттың арғы бетінде Қазақ­стан­ның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі өтіп, жиынға Азия Кеңесі мүше мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты. Кездесудің басты назары 2022 жылы қазанда Астанада өткен АӨСШК 6-шы саммитінің шешімдерін іске асыру мәселесіне бағытталды.

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу саммитте қа­былданған Астана декларациясының маңы­зы­на тоқталды. Құжат Азия кеңесін толыққанды халық­ара­лық ұйымға трансформациялауды іске қосуға бағыт­тал­ған атап өтті. Мүше мемлекеттерге еліміздің бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Жиында Азия кеңесін одан әрі институционалдық дамыту, сенім шараларын іске асыру бойынша тура­лы талқыланды. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі оты­рысының қорытындысы бойынша Азия ке­ңесін трансформациялау жөніндегі Жол картасы қабылданды. Сондай-ақ АӨСШК Сыртқы істер министр­лері кеңе­сінің Тұрақты даму үшін волонтерлік қыз­метті ілгері­лету жөніндегі мәлімдемесі жасалды. Азия кеңесі Бас хатшысының жаңа орынбасарының кандидатурасы бекітілді.

Бұдан бөлек, Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министр­лерінің үйлестіру кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында Ұйымға 57 мүше-мемлекеттің делегацияларының басшылары ислам әлеміне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Ұйым шеңберінде ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды.

Қазақстан СІМ басшысы өз сөзінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі толеранттылық пен конфессияаралық келісім идеяларын ілгеріле­туге қосқан үлесіне назар аударды. Таяу Шығыс бейбіт­­­шілік үде­рісіне жәрдемдесудің және Ауғанстандағы жағ­дай­ды тұрақтандырудың маңызына тоқталды. Қазақ­станның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қам­тамасыз етуге жәрдемдесе беретінін жеткізді.

«Біз ұйымымыздың бірегей географиялық артық­шы­­лықтарын тиімді пайдалануымыз және мультимодальды көлік байланыстарын нығайтуымыз қажет. Бұл ИЫҰ елдерінің экономикасының дамуына айтар­лық­тай серпін береді», деді М.Нұртілеу.

Іс-шарада еліміздің бастамаларына екпін берілді. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының қыз­метіне, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халық­аралық агенттікті және ғылым мен технологиялар сала­сындағы «ИЫҰ-15» диалог платформасын құруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрі М.Нұр­ті­леудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтас­тық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер ми­нистр­лері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Тараптар Ұйымды дамыту, оның әлеуетін жетілдіру перс­пективаларын, сондай-ақ өзекті халықаралық және өңірлік проблемалар тұрғысынан ШЫҰ - БҰҰ өзара іс-қимылын тереңдету мәселелерін талқылады.

Қазақстан СІМ басшысы Ұйымның қазіргі халық­аралық қатынастар жүйесіндегі мәртебесін одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті. Қазақстанның ШЫҰ төрағасы ретінде тараптардың бірлескен күш-жігерін Шанхай ұйымының қызметін жетілдіруге дайын екенін жеткізді. Өзара іс-қимылдың барлық бағыттары – қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гума­ни­тар­лық салаларды теңгерімді дамытуға әзірлігін білдірді.

«Қазіргі жағдайда бізге заманауи қауіп-қатерлерге тиімді жауап бере алатын мобильді ұйым қажет. Шанхай ұйымының әлеуетін пайдалануға жаңа көз­­­қарас қажет», деді М.Нұртілеу.

Делегация басшылары Ұйымға БҰҰ Бас Ассам­б­лея­сы жанындағы байқаушы мәртебесін берудің 20 жылдығы қарсаңында ШЫҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару қажеттігін қолдады.