• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Сараптама 27 Қыркүйек, 2023

Жаһанның жасыл болашағы

332 рет
көрсетілді

Жақында әлемдегі ең үздік ғылым орталарының бірі Массачусетс технологиялық институты 2023 жылғы Жасыл болашақ индексі зерттеуін жариялады. Индексте 76 елдің экономикасы мен қоғамында орнықты және төмен көміртекті болашақ құру қабілеті сараланған. Яғни мемлекеттердің экологиялық таза технологияларды өндірісте қолдануы мен қоршаған ортаға салдарының аздығы зерттелген.

Индекстің көшбасында әдеттегідей, Исландия, Фин­лян­дия, Норвегия, Дания, Шве­ция секілді Еуропа мем­лекеттері орналасқан. Зерт­теуге әр дүние құрлығынан дамы­ған мемлекеттер енгізіл­ген. Олардың арасында Қазақ­стан 54-орында тұр.

Зерттеу 5 бағыт – көмір­қышқыл газын шығару, жасыл энергетика, жасыл қоғам, ин­но­вация, климат саясаты бо­йынша жүргізіледі және осы­мен үшінші рет (2021, 2022, 2023 жылдары) өткізіліп отыр. Индексте жыл сайын еліміздің көрсеткіші төмендеп келеді, бірақ мұндай үрдіс барлық елге тән. Жалпы әлем елдері жасыл экономиканы дамытуға күш салып жатқанымен өсуден гөрі тоқырау көбірек байқалады.

Зерттеуді саралай келе ауқат­ты елдердің жасыл эко­но­микаға жылдамырақ көше­тіні, ал әл-ауқаты орташа мем­ле­кеттердің бұл көште артта қалатынын байқауға бола­ды. Сарапшылар мұндай ел­дер­ге орнықты экономикаға жету үшін тұтас қоғам болып күш салуды ұсынып отыр. Деген­мен бұл үкіметтерді жа­сыл экономиканы жасау жа­уапкершілігінен босатпайды.

Индекс нәтижесіне сү­йенсек, мемлекеттердің жа­сыл экономикаға көшуін­дегі негізгі мәселе – көмір­тегі. Елдердің қазба байлық­тар­ды өндіруге шамадан тыс тәуел­ділігі та­биғатқа үлкен зиянын ти­гізіп, орнықты экономика­ға өтуге кедергі болып отыр. Осы ретте Ауст­ралияның жетістігін атап өтуге болады. Бір мате­рик­ті өзі алып жатқан мемлекет кейінгі жылдары экономикасын көміртегіден «тәуелсіздендіре» бастады, сәйкесінше рейтингте 10 позицияға көтерілді.

Жалпы, зерттеуде кли­маттың өзгеруімен күресуге көмектесетін және жақын уа­қытта проблеманы шешу­ге ық­пал ететін 4 шешім ұсы­нылған. Олар:

- Күн мен жел энергиясын қолдану. 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізген ел ретінде бұл бізге таңсық емес және осы ба­ғытта жұмыс істеліп те жатыр.

- Қазба байлықты өндіру­дегі метан шығындарын және тамақ қалдықтарын азай­ту. Бірінші мәселені Үкімет­тің жауапкершілігі десек, екін­шісі тұрғын ретінде әр азаматтың борышы.

- Табиғи экожүйені сақ­тау және қалпына келтіру кли­маттың өзгеруін баяулатады. Сондай-ақ жаһандағы қал­дықтардың 20 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі еке­нін де айта кетейік.

- Транспорт, құрылыс және өндірістегі энергияны тиімді қол­дану. Қоғамдық көлік, ве­ло­сипедпен жүру не­месе тұр­м­ыстық тех­ни­каны саналы қолдану бола­шақта өзін-өзі ақтап, таби­ғат­тың қорғалуын қам­та­масыз етеді.

Есеп экологиялық мәде­ниетті қалыптастыру мен қор­шаған ортаны қорғау бағы­тында үкімет пен зерттеу­шілерге, жалпы қызығушы қауымға көмекші құрал бола алады.

 

Сүйіндік ҚАБЫЛ,

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы