Қытай қаласы Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындарында «кураш» күресінен Қазақстан спортшысы қоржынды күміспен күптеді, деп жазады Egemen.kz.
«Кураш» күресінен отандасымыз Бекәділ Шаймерденов 81 келіге дейінгі салмақ бойынша финалдық белдесуде Өзбекстаннан келген спортшы Үмид Есановқа есе жіберді.
Аталған медаль - Қазақстан құрамасының Азиа ойындарындағы бесінші күміс жүлдесі.