• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2023

Қарағанды облысы: Бір орам шөп – 15 мың теңге

331 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында биыл жемшөп қоры мол деп айта алмаймыз. Қуаңшылықтың кесірі­нен көп шаруа тек қыстық мал азығын ғана жинап үлгерді. Сондықтан болар, шөп бағасы шарықтап тұр.

Қарағандының дәл іргесіндегі Абай ауданында бір орамның бағасы – 15 мың теңге. Ал 20-25 кг түк шөп – 1200-1500 теңге.

Шет ауданында 200-250 кг орамның құны 12-14 мың теңгенің аралығында. Шөпті тонналап 30-35 мың тг көлемінде саудалайды.

Нұрадағы шаруашылықтар шөп тоннасын 25-35 мың тг аралығында өткізіп жатыр. 300 кг-лық орам 14 мыңнан, ал екпе шөп 16 мыңнан.

Ақтоғай ауданында орамның бағасы даладан тиеп алса – 13 мың тг, үйге дейін жеткізіп берсе – 15 мың тг. Ал түк шөп 1000-1200 теңгеден.

Тонналап саудаланған құнары мол көк шөптің бағасы 30 мыңнан жоғары.

Облыстағы шаруашылықтардың бағасы осындай. Шөптің құнарына, оны жеткізу жолдың шақырымына байланысты бағаның да өзгеретін айтады шаруалар.