• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қазан, 2023

Автобус паркі жаңарып жатыр

291 рет
көрсетілді

Көк түтінін будақтатқан ескі қоғамдық көліктерді қаладан таппайсыз­ қазір. Кешегі күнге дейін тозығы жеткен автобустар жолау­шы­ тасымалдап келген. Кейінгі уақытта тіпті қала тұрғындары қынжылыс білдіріп, әлеуметтік желіге фото-видеоларын жүктеп кеткен еді. Енді ұмыт бола бастады. Қазір Қарағандыда жаңа автобустар жүйткіп жүр. Маусым сайын қаланың автопарктері жаңарып жатыр.

Жақында тағы да жаңа автобустар жолға шықты. Желіге №3 автопарктің 34 жаңа автобусы шықты. Олар №40, 43, 53 және 118 мар­шруттарына қызмет көрсетеді.

– 34 жаңа автобус сатып ал­дық. Бұлар климатты бақылау, бейне­ба­қы­лау жүйелерімен және ақылды камера­лармен жабдықталған. Мыса­лы,­ егер жүргізуші шаршаса, қалғып кет­се, темекі шексе немесе телефонмен сөйлессе, бұл камералар бәрін түсі­ріп, ереже талабы бұзылғаны тура­лы белгі береді. Осылайша, нақ­ты уақыт режімінде барлығын қада­ғалап отыруға техникалық мүм­кіндігіміз бар, – дейді №3 автобус паркінің бас директоры Артур Михай­лович.

Автопаркте алты жыл бойы ең­бек­ етіп жүрген Елдос Ертай – жаңа автобус тақымдағандардың бірі.

– Бұрынғы автобусым аса ескі емес еді. 2019 жылғы. Деген­мен жаңа автобус жайлы. Каме­ра­мен түгел жабдықталған. Автопаркіміз жаңарып қалды. Әйтпесе бұған дейін №70 автобусты жүргізгенмін. Ол тым ескі еді. Жолаушылар амал­дың­ жоқтығынан мінетін. Онымен қоса, сынып, жөндеуде тұратын. Сол кезде автобус рейсі кешігетін. Жетіс­пеушілік болатын. Қазір оның бәрі өз шешімін тауып келеді, – дейді Елдос Болатұлы.

Жалпы, биылға облыс бо­йынша қала ішінде қатынайтын 195 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Бүгінде оның 95-і жолға шыққан. Қалған 100 автобус жыл соңына дейін сатып алынып, қолданысқа берілмек.

– Жыл соңына дейін 100 авто­­­­­бус­­­­т­ың 96-сын №3 автобус пар­кі,­­­­ ал қалған төртеуін «Рейс» ЖМ­­­­­ сатып алады. №3 автопаркі 36 ав­то­­­­­бусты қалааралық маршрут­тар­­ бойынша жүргізеді. Яғни ондағы жүр­­­ген ескі автобустар жаңарады, – дей­­ді Жолаушылар көлігі және авто­мо­­биль жолдары басқармасының бас­­шысы Мақсұт Қожанов.

Басқа аудан, қаладағы жолаушылар қатынасы да назарда. Мәселен, былтыр Саран қаласына су жаңа 11 авто­бус сатып алынып, қалаішілік қолданысқа берілген. Биыл Абай ауданына жыл соңына дейін «СемАЗ» зауы­тынан 8 автобус сатып алынбақ. Осы арқылы ауданішілік бағытта қаты­найтын ескі автобустарды жаңар­ту көзделіп отыр.

– Бұған қоса Балқаш қала­сы­ бойын­ша да қалаішілік марш­рут­тағы ескірген автобустарды­ толық ауыс­тыру мәселесі пысық­талып жа­тыр. 29 жаңа автобус сатып алмақ жоспарымыз бар. Автобустар келе­сі жылдың басында Балқашқа жет­кі­зі­ле­ді, – дейді М.Қожанов.

Осыған дейін №5 автопарк­ке­ 59 автобус жеткізілгенін ха­бар­­­­лағанбыз. Бұл жаңалыққа При­шах­­тинск тұр­ғын­дары ерекше­ қуанған-тын. Бұ­рын­ осы бағытта қатынайтын №145 және №45 авто­бус­тардың дені ескір­ген­ еді. Қазір жолаушылар «Еуро-5» эко­ло­гиялық стандарты талаптарына толық сай жаңа маршрутпен қаты­нап жүр.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлек­паев­ №5 автопарктегі кезде­­суінде қоға­м­дық көліктің жұмыс кестесін ұзар­ту керектігін тап­сыр­ған еді.

– Осымен үшінші жыл қоғам­дық көлікті жаңартумен тұрақты түрде айна­лысып келеміз. «Onay» электрон­ды­ билеттеу жүйесін енгіздік. Қала­лық маршруттарда ғана емес, қала ма­ңындағы маршруттарда да жол жүру­ді екі есеге жуық арзандатуға мүм­кіндік жасадық. 18 жасқа дейінгі бала­ларды тегін жол жүретін қыл­дық. Енді Пришахтинск тұрғын­да­ры­ның үйіне жетуі үшін авто­бус­тар­дың жұмыс уақытын 21.00-ге дейін ұзарту мәселесі ғана қалды. Қала­аралық автобустарды да жаңар­ту көзделген. Ең сұранысқа ие ба­ғыт­тар­дың бірі Қарағанды – Теміртау бағы­тына шығады. Жақын арада Бал­қаш қаласының да автобус паркі жаңа­рады. №5 автопарктің иелері сол­ жерде де жұмыс істейді, – деген еді әкім.

Жаңа автобустар жылдам­дық­­ты шектейтін датчиктермен, жү­ріп-тұруы қиын жолаушыларға ар­­нал­ған көтергіштермен жаб­дық­­­т­алған. Олардың клиренсі жо­ға­ры, жүргізушіге қоңырау шалу түй­месі бар. Автобустар «Еуро-5» экологиялық стандарты талап­та­рына толық жауап береді. Сы­йым­ды­лығы – 80 адам. Қай аялдамаларға қа­ты­найтыны жайлы электронды тақтада көрсетіледі. Енді қала ішін­дегі автобустар жасыл болса, қала­ара­лық маршруттардың түсі көк бола­ды.

Қазір автопарк техни­ка­ла­рының 80 пайызы жаңартылған. Мұндай бағыт­тағы жұмыстар әлі жалғасады.

 

Қарағанды облысы