• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Пікір 12 Қазан, 2023

Шикізатқа тәуелділіктен арылады

151 рет
көрсетілді

IT-қызметтерді экспорттау жолында өз даму стратегия­мызды табысты түрде іске асыруға қол жеткізіп отырмыз.

Осы орайда табыстарымызға тоқмейілсімей, IT кәсіп­кер­лікте барынша жетістікке жетуге тыры­с­ып жүрміз. Бұл саланың жұл­дызы енді жанды. Осы уақыт­ты тиімді пайдаланып қалған жөн.

АҚШ-та стартап бас­тау үшін сіз сонда дүниеге келуі­ңіз немесе сол жерде ұзақ өмір сүруіңіз керек. Біз қазір жер­гілікті азық-түлік жүйелері үшін жаһандық платформа құрып жатырмыз. Фермерлерге арнал­ған маркетплейс деп айту­ға болады. Әзірге тек бір қалада жұмыс іс­тей­міз, бірақ бүкіл елге таратуды жоспарлап отырмыз.

Қазір Қазақстанда да табысты стартаптар ашуға болады. Қазіргі нарық – венчурлық индустрияны дамытатын нарық. Бұл бізге өз уақытында жетпеді. Мысалы, бі­рік­тіру болған кезде Aviata.kz және Chocotravel-де нарыққа жақ­сырақ шарттармен кіру үшін ақша іздедік. Бірақ сұрайтын ешкім болмады.

IT кәсіпте жүргенімізге едәуір уақыт болды. АҚШ нарығында жұмыс істей отырып, менің компаниям Қазақ­стандағы әзірлемелер мен көп­теген үдерістерді жедел­­детті. Экспортқа бағдар­лан­ған, сырт­қы нарықтарда табыс әкеле­тін отандық IT компаниялар не­ғұр­лым көп болса, Қазақстан ши­кі­затқа тәуелділіктен тезірек арылады.

 

Алексей ЛИ,

«Arbuz», «Aviata», «PINEMELON USA»

және «Ticketon» онлайн-сервистерінің негізін қалаушы