• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Қараша, 2023

«Чемпиондар, қашпаңдар». Сұлтан Зәуірбек жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты

1038 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокста он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп,  аргентиналық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген Сұлтан Зәуірбек жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокста     жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы  чемпиондық белбеуге ие тегеурінді қарсыластарынан қаймықпайтынын, тіпті олардың тайсақтап жүргенін  де аңғартты.

«Ассалаумағалейкум Қазақ елі, он алтыншы жеңісіме қол жеткіздім барлық қолдаған жанкүйерлеріме рақмет.  Аз қалды, чемпиондар қашуды тоқтатыңдар QazaQ KING таққа отыру керек», деп жазды инстаграм парақшасына.

Сұлтан 16 жекпе-жегінің  12-сінде қарсыластарын  мерзімінен бұрын нокаутпен жеңді.