Елордада бокстан өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 92 кг дәрежеде Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы салмақтың саңлақтары Спартакиаданың финалында кездесті.
3 раунд ашық айқаспен өтті.
Соңғы раундта екі боксшының да қабағы жарылды.
Тартысты шайқаста 2:1 есебімен Айбек Оралбай жеңімпаз атанды.
Осылайша ағайынды Оралбайлар VI Спартакиадада алтыннан алқа тақты.