• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Желтоқсан, 2023

Матчтан кейін төрешіні тепкінің астына алды

343 рет
көрсетілді

Түркия чемпионатының 15-туры аясында «Анкарагюджю» мен «Ризеспор» арасындағы матч соңы төбелеске ұласты. Ойыннан кейін «Анкарагюджю» командасының президенті алаңға атып шығып, бас төреші Халил Умут Мелерге жұдырық жұмсады, деп жазады Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Түркия чемпионатының 15-турында аталған командалар 1:1 есебімен тең түскен. Бас төреші Мелер алғашқы таймда «Анкарагюджю» командасы соққан голды есепке алмай, ойынның 50-ші минутында осы команданың бір ойыншысына қызыл қағаз көрсеткен.

Ойын соңына дейін он ойыншымен қалуға мәжбүр болған командаға 97-минутта қарсыластары гол соғып кеткен.

Осы іс-әрекеттерге шамданған «Анкарагюджю» президенті алаңға атып шығып, төрешінің бетінен ұрған.

Соңынан оған алаңдағы басқа адамдар да қосылып төрешіні тепкінің астына алған.

Халил Умут Мелерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен ауруханаға жатқызылған.