• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құтқарушы 14 Желтоқсан, 2023

Жолда қалып қойған мыңнан астам адам құтқарылды

132 рет
көрсетілді

10 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы, кейбір өңірлерде экстремалды жағдайлар байқалғаны белгілі. Poliсia.kz-тің мәлім етуінше трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етіп, кейбір аймақтардың жолдарында патрульдік экипаждар саны 2-3 есе көбейтілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» мен полицияның ескертулері болса да, кейбір жүргізушілер трассаларға шығып кетіп, полицейлердің жәрдемімен ғана қайғылы оқиғалардың алдын алған жағдайлар да орын алды. 12 облыста халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардан барлығы 100-ден астам учаскелер жабылды. Жұмыс істеп жатқан жылыту пунктерінің саны – 500.

Жолдарда суықта қалған 1012 адам құтқарылды, оның ішінде 25 бала бар. 1100 жүргізушіге жәрдем жасалған. Экипаждағылардың барлығы алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген және әр экипажда арнайы дәрі-дәрмек қобдишасы бар.

Негізінен сақшылар жолда қалған азаматтардың көлік жанармайын жылытуға, бұзылған көлікті жөндеуге, жылыту пункттеріне эвакуациялауға жәрдемдесті және тізбектелген автокөліктерді алып жүрді. Көптеген жүргізушілер мен жолаушылар полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, олардың ескертулеріне құлақ асуға кеңес берді.