«Qarmet» кәсіпорны құқық қорғау органы мен медицина қызметкерлеріне арнайы көліктердің кілтін табыстады. Жаңа көлік кілттері облыс орталығымен қоса қанаттас Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, қалаларына берілді.
– Дәл қазір біз тарихи сәтті бастан өткерудеміз. Тәртіпті қамтамасыз ету мен науқас жанына араша түсу – бұл қоғамның дамуына септігі мол мызғымас құрал қашанда. Аймағымызға өзінің әлеуметтік бағдарламасы бар жаңа инвестор келді. Енді міне, халықтың игілігіне еңбек етер жандарға арнайы көліктер беріліп отыр. Металлургия комбинаты аймақтың әлеуметтік-экономикалық өмірінде ерекше орын алатыны қуантады, – деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын кілт табыстау кезінде.
Судай жаңа автокөліктер – «Qarmet» кәсіпорнының тартуы. Полиция қызметіне 10, жедел жәрдемге 5 көлік берілді. Көліктер Chevrolet және JAC маркалы. Жаңа көліктер толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталған.
«Қауіпсіздік мәселесі қарағандылықтар үшін бірінші орында тұруы тиіс. Бұл тек комбинатқа немесе шахталарға ғана қатысты емес, қала ішіндегі қауіпсіздіктің мәні зор. Аз да болса, біздің қосып жатқан үлесіміз осынау қала халқының, оның ішінде, елге қызмет еткен жандарға пайдалы болады деп үміттенеміз», деді «Qarmet» бас директоры Вадим Басин.
Жаңа инвестордың аймағымызға әкелген алғашқы игі сыйы – осы.
Қарағанды облысы