• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2023

СҚО-да 80 адам қар құрсауында қалып қойған

116 рет
көрсетілді

Бұған дейін өңірде ауа температурсы көтеріліп, жаңбыр жауды, кейін күн суытып, соңы көктайғақ пен боранға ұласқан еді. Осы тұста Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен ТЖД қызметкерлері ақтүтек боранда қалып қойған жандарға көмектесу үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлық бағыттағы жолдар жабылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының барлық ауысымдары ғана емес, тіпті бұл бөліністің басшылығы да жұмылдырылды.

Әсіресе Астана – Петропавл автожолының Тайынша ауданы арқылы өтетін учаскесі жүргізушілер үшін қиын болды. Ауыр жүк көліктері қатты жел мен көктайғақтың салдарынан дөңес учаскелерге көтеріле алмады. Бүгін таңертең бұл жерде 80-ге жуық жүк көлігі жиналып қалды.

Ал Мамлют ауданында Қостанай қаласынан Петропавл қаласына ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін тасымалдап келе жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесі жолдан шығып кетті. Тіркемені шығарып алу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс аумағында бір түнде барлығы 7 автокөлік осындай жағдайға тап болды, құтқарушылар олардың барлығын шығарып алды.

Ресми ақпарат бойынша жабық жолдарда барлығы 159 жүк және 132 жеңіл көлік тұрып қалды. Полицейлер мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері 240-тан астам адамды шығарып алып, жылыту орындарына жеткізді.

Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласындағы білім беру мекемелерінің біріне тамақтанып, жылыну үшін 80-нен астам адам орналастырды. Олардың қатарында Ресейден Тәжікстанға транзит арқылы кетіп бара жатқан автобустың 70 жолаушысы да болды, оның 17-сі балалар.