• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Сараптама 04 Қаңтар, 2024

Мұнай нарығын қандай өзгеріс күтеді?

166 рет
көрсетілді

Мұнай бағасына әртүрлі жаһандық факторлар әсер етіп жатады. Бұл нарықтың сезімталдығы сонша тым құрыса бір тамшы мұнай өндіруге қауқарлы елдің өзінде бола қалған кез келген саяси-эконо­микалық оқиғаға тұла бойы түр­шігіп шыға келеді. Алдағы мұнай бағасына қатысты саралау жаса­ған Экономиканы қолданбалы зерт­теулер орталығының (AERC) сарап­шылары Венесуэла мен Гайа­на арасында туындап жатқан терри­ториялық дау-дамайды бас­ты ақпараттық шок деп атапты. Әрине, бұлай деуге толық негіз бар.

3 желтоқсан күні өткен референдумда Венесуэла халқы дау-дамайлы жерді қосып алайық деп дауыс беріпті. Венесуэла басшысы Мадуроның бұл пиғылы халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен сынға ұшырап жатқаны да белгілі. Ал жер дауы болса мұнай на­рығына елеулі әсерін тигізіп жатыр. ОПЕК мәліметі бойынша Гайана мұнай өндіру бойынша әлемде – 30, ал Венесуэла 21-орында. 

Соған қарамастан халықаралық агент­тіктер әлі де болжамды жоғары дең­гей­де ұстап отыр. Мәселен, FITCH Израиль-Палестина қақтығысына ай­рықша назар бөле отырып, мұнай бағасы барреліне 120 долларға дейін көтеріледі деген оптимистік көзқараста. FITCH өзінің қыркүйектегі болжамында 2024 жылы мұнай орташа алғанда 75 доллар тұрады, ал 2025 жылы 70 долларға дейін төмендейді деген болатын.

«Қарашада Иран мен Вене­суэла мұнай өндірісін тәулігіне 90 мың баррельге дейін ұлғайтты. АҚШ-тағы өнді­ріс те рекордтық деңгейге жетті. Елдегі мұнай өн­дірісінің болжамы 2023 жылы тәу­лігіне 12,9 млн баррельден 12,93 млн баррельге дейін көте­ріл­ді. Таяу Шы­ғыстағы негізгі өн­ді­рушілерден АҚШ-қа және Ат­лант бассейнінің басқа елдеріне жа­һан­дық мұнай жеткізілімінің ауы­суы, сондай-ақ Қытай мен оның дамып келе жатқан мұнай-химия секторының мұнай сұранысына басым әсері жаһандық мұ­най саудасына елеулі әсер етеді. Суэц­­тің шығысындағы нарықтар Украи­наға басып кіргеннен кейін Ресей ағын­дарының көп бөлігін, сондай-ақ өсіп келе жатқан ирандық экс­порттық жет­кі­зілімдерді сіңі­ріп алды. Бірақ қазір Атлант бассей­нінен мұнай мен газ кон­ден­саты­ның ұлғаюына бейімделуі керек. Rapidan Energy Group дерегі бойынша, ОПЕК-ке кірмейтін елдерден мұнай жеткізу 2030 жылға дейін әр жылы тәу­лігіне 700 мың баррельге көбейіп оты­рады. Бұған АҚШ, Гайана және Брази­лиядағы өндірістің ұлғаюы себеп болады», дейді AERC.

Сарапшылардың айтуынша, ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін қысқартуды 2024 жылдың бірінші тоқсанына дейін созуы (тәулігіне 1,66 млн баррельге) мұнай бағасы­на қолдау көрсетуге кө­мектесті. Жел­­тоқсанның басында мұнай ко­ти­ровкалары барреліне 25 дол­лар­ға дейін төмендеді. Сөйтіп, ал­ты айдағы ең төменгі деңгейді көрсетті.

Желтоқсанда ОПЕК қараша айынан бастап 2023 жылы мұнайға әлемдік сұраныстың күніне 2,46 млн баррель және 2024 жылы күніне 2,25 млн баррель көлемінде өсу болжамын сақтап қалды. Мұнайға деген жалпы әлемдік сұраныс орташа алғанда 2023 жылы күніне 102,1 млн баррель, ал 2024 жылы күніне 104,4 млн баррель болады деген болжам бар.

«ОПЕК мұнай бағасының қазіргі құлдырауы сұранысқа байланысты туындаған шектен тыс қауіптенуден деп есептейді және 2024 жылы мұнай тұтыну жоғары болады деген өз болжамында қалады. Бұл ретте ОПЕК-тің мұнай өндірісі қарашада күніне 57 мың баррельге төмендеді. Бұған Иран, Ангола және Нигериядағы өндірістің азаюы әсер етті. Әйтпесе ОПЕК-ке кірмейтін елдерден сұйық көмірсутектерді жеткізудің өсу болжамы желтоқсан айындағы есепте өзгеріссіз қалды – 2023 жыл­ға күніне 1,8 млн баррель дең­гейінде. 2023 жылы сұйық көмір­су­тек жеткізу өсімінің басты драй­верлері АҚШ, Бразилия, Қазақ­стан, Норвегия, Гайана, Мексика және Қытай болып қала береді. 2024 жылы бұл елдердегі өндіріс тағы да артады, бірақ күніне 1,4 млн баррельден аса қоймайды деп күтіледі», дейді AERC.

Халықаралық энергетикалық агенттік болса ахуалға біршама жоғары көңіл күймен қарайды. Агенттіктің желтоқсан айындағы есебінде 2023 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 101,7 млн баррельге дейін өседі деп көрсетілген. Бірақ бұл макроэкономикалық климаттың одан әрі әлсіреуінің әсерін жасырады. Сарапшылар болжамынша, баяулау 2024 жылы да жалғасады: мұнайға деген жаһан­дық сұраныс екі есе, күніне 1,1 млн баррельге дейін қысқар­мақ, өйткені ірі елдердегі ІЖӨ өсі­мі үрдістен төмен күйде қалып отыр.

AERC төрт модель негізінде Brent маркалы мұнай бағасына қатысты теңдес­­ті­рілген болжам жасайды. Алын­ған нә­ти­желерге сәйкес, 2023 жылғы 15 жел­тоқ­саннан 2024 жылғы 26 қаңтарға дейін Brent маркалы мұнайдың шамалы ауыт­қуымен бағаның оң динамикасы күтіледі.