• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2024

Ақтоғайдағы әлеуметтік дүкен

193 рет
көрсетілді

Ақтоғай ауданында әлеуметтік дүкендердің саны артып келеді. Мұндағы міндет – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қолжетімді ету. Осы мақсатта жақында аудан орталығынан «Мөлдір әлем» дүкені ашылды.

Жаңа дүкеннің ашылуына аудан басшысы Руслан Кен­жебеков қатысып, құт­тықтау сөзін жеткізді.

– Азық-түлік бағасын тұрақ­тандыру – халық қамы. Осы ретте мұндай дүкендердің сеп­тігі мол. Тұрғындардың қал­тасын қақпай, тұрмысын тү­зеуге мүмкіндік береді. Бұл азық-түлік дүкенінің ерек­шелігі – халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатып алады. Дүкен сөресінде тұрған азық-түліктер, расымен, әлдеқайда арзан. Халық игілігіне жарасын. Алдағы уақытта осындай дүкендер көптеп ашылса, қарапайым халықтың тұрмыс жағдайы жақсаратыны сөзсіз, – деді Руслан Айтыкенұлы.

Айта кетейік, «Мөлдір әлем» атты азық-түлік дүкені­нің иесі жеке кәсіпкер Баян Ысқақова бағаны тұрақтандыру аясында «Айналым схемасы» тетігін іске асыру үшін «Сары­арқа ӘКК» АҚ арқылы қаражат алып отыр. Мұндай бағыттағы жұмыстар әрмен қарай жалғаса береді.

 

Қарағанды облысы,

Ақтоғай ауданы