Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Эдди Жанның (Жәнібек) анасы болуы мүмкін деген екі келіншектің ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды. Анализ қорытындысын журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
«Болжамды 2 анадан алынған тест нәтижесі тағы да 0%. Ары қарай кеттік... Жәнібек, сенің кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз. Біз тоқтамаймыз», деп жазды «Бармысың, бауырым» хабарының авторы.
Журналист жазбасында Бас Прокуратураға жолдаған хаттан да жауап күтетінін еске салды.