Арқалық қаласынан екі жасында шетелге сатылып кеткен бельгиялық азамат Эдди Жан Савельевтің Қазақстандағы заңды өкілі, белгілі журналист Қымбат Досжан шұғыл мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
«Қайырлы күн, 2001, 2002, 2003 жылдары Арқалық қалалық перзентханасында босанып, бірақ қандай да бір себептермен сәбиі шетінеген немесе өлі туған баласының денесін көрмеген, әрі өздері жерлемеген аналардың өзі я болмаса туыстары бізге шұғыл хабарласуларыңызды өтінеміз», деді Қ.Досжан бейнеүндеуінде.