• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2010

БЕС АЙДЫҢ ӨСІМ КӨРСЕТКІШІ – 8,3 ПАЙЫЗ!

568 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен “Нұр Отан” ХДП-ның Мәжілістегі фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда Қазақстан Республика­сы Президентінің Жол­дауында алға қойылған міндеттер тұрғысында Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау страте­гия­сының (“Жол картасы”) іске асу барысы туралы Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев баяндама жасады. Отырыста алдымен О.Мұ­ха­мед­­жанов қысқаша сөз сөйледі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында нақты көрсетілген еліміздің алға жылжу векторы қа­зақ­стандықтардың көңілінде таяу­дағы он жылда біз дағдарыстан кейінгі жаңа әлемде орнықты пози­цияға ие боламыз деген сенім ұялатады. Шын мәнінде, биылғы жылы Қазақстан жаңа онжыл­дық­қа экономикалық дамудың қомақ­ты әлеуеті мен халықтың, әрбір отбасының тұрмыс жағдайының жақсаруымен аяқ басқалы отыр. Демек, 2009 жылы әлемдік эконо­ми­ка үшін өте күрделі жыл бол­ға­нына қарамастан, Қазақстан оң өзгерістерді қамтамасыз етіп, банк секторындағы жағдайды тұрақтан­дыра білді, жұмыссыздыққа жол бермей, халықтың нақты кіріс­те­рін, әлеуметтік төлемдердің өсімін қамтамасыз етті, тұрғын үй құры­лысында үлескерлердің проблема­ла­рын шешіп, елдің инвестиция­лық тартымдылығын сақтап қалды. Өздеріңіз білесіздер, бұл ең алдымен ел Президентінің тапсыр­масы бойынша дағдарысқа қарсы тиімді шаралар, оның ішінде заң­намалық сипаттағы шаралар қа­былдаған Үкімет пен Парламент­тің үйлесімді іс-қимылының ар­қасында мүмкін болды, деді Мәжіліс Төрағасы. Қазіргі заман тарихында 2009 жыл өте ауыр жыл болғаны бел­гі­лі, деді баяндамасында Е.Орын­баев. Алдын ала бағалауға қарасақ, дү­ние жүзі бойынша ішкі жалпы өнім 1,1 пайызға төмендеген, ал да­­мыған елдер экономикасының рецессиясы тіпті күшті болды. Қазақстандық өнеркәсіп өнімділігі мен жеке сауда айналы­мы төмендеген, ел тұрғындарының жұмыссыз қалу қаупі күшейіп кеткен болатын. Бірінші жарты­жыл­дықта ішкі жалпы өнім 3 пай­ызға төмендеп, жұмыссыздық дең­гейі 6,8 пайызға жетті. Прези­дент 2009 жылдың басында Үкі­мет­тің алдына қазақстандықтар­дың әлеуметтік тұрмыс жағдайын сақ­тап қалуды, тұрғындарды жұ­мыс­пен қамту, жұмыссыздық дең­гейінің өсуін болдырмауды нақты міндет етіп қойған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Үкімет аймақ­тық жұмысбастылық және кадр­лар­ды қайта даярлаудың Прези­дент стратегиясын іске асы­ратын “Жол картасын” әзірледі. 2009 жылғы “Жол картасын” жүзеге асыру 258 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 124 мыңнан астам жас азамат әлеумет­тік жұмыс орындарына жіберілді, 100 мыңдай адам қайта даярлаудан өтті. Жалпы алғанда “Жол кар­та­сы” қайта даярлаумен қоса, 400 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға жағдай туғызды. Бұл шаралар жұмыссыздықтың деңгейін соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш – 6,3 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Е.Орынбаев елімізде жүзеге асырылған басқа да бірқатар оң жұмыстарды атап көрсете келіп, ал­дын ала бағам бойынша үсті­міздегі жылдың алғашқы 5 айында ІЖӨ өсімі 8,3 пайызды құрағанын ерекше атады. Фракция басқосуына “Нұр Отан” ХДП басшылығы, Үкімет мүшелері, Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасы Прези­денті Әкімшілігі мен Премьер-Ми­нистр кеңсесінің өкілдері қатысты. Күн тәртіндегі мәселе бойынша Мәжіліс депутаттары, “Нұр Отан” ХДП фракциясының мүшелері Жақып Асанов, Асхат Бекенов, Татьяна Яковлева, Майра Айсина, Ольга Киколенко сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Айтылған ұсыныстар негізінде жиналыс қорытындысы бойынша Үкіметтің “Жол картасын” іске асыру барысындағы жұмыстарын жетілдіру жөнінде “Нұр Отан” ХДП Парламент Мәжілісіндегі фракциясының қаулысы қа­былданды.