Астана қаласында «Іздестіру» рейдтік шарасы өтті. Қалалық прокуратура рейд нәтижесінде іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Іздеуді қалалық полиция департаменті жүргізді. Іс-шара барысында елорда базарларында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, жалдамалы пәтерлерде және басқа жерлерде іздеуде жүрген 14 қылмыскер анықталып ұсталды. Оның ішінде өткен жылдарғы – 7, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалғандардың 2 табылды», делінген департамент хабарламасында.