• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Ақпан, 2024

Қалқанша безін емдеудің тың әдісі

94 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін хирургиялық емес жолмен емдеу әдісі, яғни радиожиілікті абляция алғаш рет енгізілді.

Дәрігерлер 36 жастағы пациентке көп түйінді эутиреоидты зоб (түйіннің мөлшері 5 см-ден аса) диаг­нозын қойған. Операцияны жүргізуге инс­титут басшы­лығы Астана қаласы Ұлт­тық ғылыми меди­цина­лық ор­талығының интервен­ция­лық онкорадиолог дәрі­гері Нияз Малаевты шақыр­ған. Бірегей аз инвазивті опе­­ра­цияға клиниканың рент­­ген­хирургтері мен эндо­кри­нолог дәрігерлері де қатысқан.

Түсініктірек болу үшін айтсақ, радиожиілікті абляция – ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Мұндағы мақсат – неоплаз­маны толық жою. Нәтиже­сінде, қалқанша безінің түйін­ді ісік жасушалары кетеді. Түйіннің көлемі кіші­рейеді, уақыт өте азаяды. Есесіне, осы кезде бездің сау тіндері зақымданбайды.

– Елімізде 2022 жылдан бері қолданылып келе жатқан радиожиілікті абляция әдістемесі қалқанша безі­нің қатерсіз түйіндік ісік­­терін емдеуде жақсы нә­ти­же көрсетті. Тиімді әрі қауіп­сіз. Қалқанша безінің түйін­дерінің көпшілігі қатер­сіз және симптомсыз. Бірақ үл­кен түйіндер косметикалық проблемалармен қатар, мо­йын ағзаларының қысылу белгілерін, ауырсыну, дисфагия, ыңғайсыздық тудырып, тамақтың жыбырлатып, жөтел шақыруы мүмкін, – деп түсіндіреді Нияз Бей­сенұлы.

Радиожиілікті абляция – асқыну жиілігі төмен қал­­қанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің қауіпсіз әдісі. Оны әлемнің дамыған елдерінің көптеген кәсіби эндокринологиялық қоғамы ұсынады. Визуалдық ультра­ды­быстық бақылаумен тер­миялық радиожиілікті аб­ляция әдісі әлемнің дамы­ған елдерінде кеңінен қолда­нылады. Осы әдістен кейін пациенттердің өмір сүру сапасы жақсарады. Бір сөзбен айтқанда, радиожиілікті аб­­ляция – қалқанша безді хи­рургиялық жолмен алып тас­тауға тамаша балама. Ем­шара наркозды қажет етпей­ді. Тек қалқанша безінің қа­тер­сіз түйіндеріндегі ауырсынуды бақылау үшін анестезия қолданылады екен. Ем­шарадан кейін аз-кем ауыр­сыну байқалғанымен, аса мазаны алмайды десе­ді. Ем­шарадан кейін Ай­нұр есімді пациенттің өзі радиожиілікті абляция туралы пікірін айтыпты.

– Дәрігерлерге барған кезде маған хирургиялық алып тастау ұсынылды. Бі­рақ мен одан бас тарттым. Ра­дио­жиілікті абляцияны дұрыс санадым. Емшарадан алдын маған қалқанша безі­нің цитологиялық зерттеуі жүр­­гізілді. Оны ауырсын­ба­­­дым. Қазір өзімді жақсы се­зі­немін және бүгін үйге шы­­ға­мын. Мен дәрігер Нияз Бей­­сен­ұлына, Кардио­логия және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институ­тына, дәрі­гер­лері Алексей Ев­генье­вич­ке, эндокринологтер Лау­ра Ба­хыт­жанқызы мен Бал­нұр Пер­деқожақызына жо­ға­ры кәсі­билігі үшін ризамын, – дей­­ді алғысын айтқан пациент.

Қалқанша безінің қатерсіз түйінді ісігін аз инвазивті емдеудің инновациялық, жоғары тиімді әдістері қазір Алматы қаласындағы пациенттерге МӘМС аясында қолжетімді. Ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері осымен тоқтамай, келешекте қалқанша безінің қатерсіз ісіктерінің радиожиілікті абляциясын меңгерген мамандарды даярлаумен қатар, саланы одан әрі жетілдіруге ниетті.