• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2024

Мешіттерде ұрлық жасаған алматылық ұсталды

125 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттерде тіркелген төрт ұрлықтың бетін ашып, күдіктіні қолға түсірді. Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны заңсыз әрекетін жүзеге асыру барысында бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Б. есімді ер адамның ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын, намаз кезінде жергілікті тұрғынның жеке мүлкін қолды қылғанын хабарлады. Нәтижесінде 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Анықталғандай, ұсталған ер адамның осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бар.

Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаровтың айтуынша, аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», делінген хабарламада.