• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2024

Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

105 рет
көрсетілді

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Новокрайнка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 23 ақпан сағат 01:25-те болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше өрттің ауданы − 96 шаршы метр. Өрт орнында 1951 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды.

Өрт жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаннан болуы мүмкін. Тілсіз жау сағат 02:14-те оқшауланып, 04:25-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге СҚО ТЖД жеке құрамынан 6 адам жəне 2 техника жұмылдырылды.