• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Халық 03 Наурыз, 2024

Көңіл көңілден су ішеді

90 рет
көрсетілді

Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студент­­тері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.

Студенттер бірнеше күн бойы ұлттық киім киіп, қала тұр­ғындары мен қонақ­тары­на құрт таратты. Түрік халық­та­ры­ның дәстүрлі тағам­дарын ұсы­нып, халық әндерін орындады.

Алдағы уақытта мереке ­қар­­саңында облы­сы­мыздың аудан-қалаларында түрлі іс-шара ұйым­­дас­тырылмақ.

Мәселен, «Теміржолшылар» мәдениет үйінде «Ризашылық – мейі­рімділік бұ­лағы» атты дөң­ге­лек үстел мәжілісі өтеді. «Моло­дежный» мәдениет үйінде «Шын жүректен, мың алғыс», М.Әуезов атындағы кітапханада «Рахмет саған – Туған ел!» музыкалық кеші өтеді. Мұнымен қоса қаланың балалар мен жасөспірімдер клуб­тарында «Мен алғыс айтамын» ақпараттық сағаты ұйым­дастырылып, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Алғыс айту – асыл қасиет» концерттік бағ­дарламасы қойылды.

Осылайша, қараған­дылық­тар бір-бірінің көңілінен су ішіп жүр.

 

Қарағанды облысы