Бұл туралы Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бекітілген бірегей логотип еліміздің барлық аймақтарына жолданды. Логотиптің басты символикасы – қызғалдақ.
«Халық үшін қызғалдақ Наурыз мерекесінің жарқын символы болып саналады. Ата-бабамыз ежелден қызғалдақты қастерлеп, оны жұмақ гүлі деп санаған», деді спикер.