Қоғам 23 Наурыз, 2024

Алматы облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

422 рет
көрсетілді

Алматы облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 2460-шы шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 23 наурызда сағат 14:45 шамасында болған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» мәліметінше, «Daewoo» көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

Осы оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды.