Оқиға кешкі уақытта Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданы Жалпақтал ауылы маңында болған. Құтқарушы аудандық ауруханаға кеуде тұсына екі пышақ жарақатымен жеткізілген, ол дәрігерлердің бақылауында, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында: «Жедел деректер бойынша жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен жағасында 1998 жылғы азаматтық қорғау сержанты жараланды», делінген.
Полиция мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен болып шықты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.