• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Денсаулық 02 Сәуір, 2024

Дұрыс тамақтанудың пайдасы

166 рет
көрсетілді

Импортталатын азық-түліктердің арасында гендік түр­лен­дірілген өнімдер кездесуі мүмкін. Сол үшін ет өнімдерін сенімді сау­да орындарынан сатып алу қажет. Бүгінгі таңда жа­санды ет өндірісі өріс алып барады. Сондықтан қажет бол­ған жағдайда ветериналық құ­жат­тары нақтыланған, сани­тар­лық қадағалау орындарынан рұқсаты бар табиғи ет өнім­де­рін тұ­­тын­ған жөн. Бұл пікірді С.Асфендияров атын­­дағы Қа­зақ­ ұлт­­­тық медицина университетінің нутрицио­ло­­­­гия ка­фе­­д­­ра­сы­ның доценті, Ұлттық салауатты тағам­тану орта­лы­ғының ма­маны Айгүл Қожахметова алға тартып отыр.

Айгүл Нағашыбекқызы осы орайда ұн өнімдерін таңдағанда да құрамында кебегі бар екінші сортты ұн өнімдерін таңдаған абзал екенін айтты. Бүгінде көптеген өндіруші бидайды өңдеп, жоғары сортты ұнға айналдырып, оның пайдасынан гөрі, табысына мән беріп кетті. Ал қара бидайдан піскен нандардың, диірменде тартылған кебекті ұнның В дәруменіне, талшықтарға өте бай екенін көп жағдайда назар аудара бермейміз.

Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде дұрыс тамақтануды наси­хаттайтын әрі артық салмақты түсіруге көмек­те­сетін желілік компаниялар жұмысы жанданып тұр. Бұл ретте А.Қожахметова әдет­­те өздерін нутрициолог ретін­де жарнамалап, ас мә­зіріне қатысты кеңес бере­тін маман­дарға сауатты көз­қа­рас­пен қарау қажеттігін атап өтті.

«Желіде әдемі сөйлеп отырғанның бәрі бірдей – кәсі­би маман емес. Көп жағ­дай­да олардың кеңесінен кейін денсаулығын бұзып алған­дары да кездеседі. Меди­­ци­­на­лық білім алған маман­дарға қарағанда, қысқамер­зімді курстарды онлайн оқып алғандар өздерін кәсіби маман, нутрициолог шебер ре­тінде көрсете алады. Олар­дың көпшілігі шетелдерден қысқамерзімді курстарды бітіріп, сөйлеу шеберлігін арттырып, психология курс­тарынан өтіп, аудиторияға әсер ету шеберлігін мықтап меңгерген болуы мүмкін. Сондықтан арнайы білімі бар нутрициологтер кеңесіне жүгінген жөн. Оған арнайы мемлекеттік тіркелген құжаты арқылы көз жеткізуге болады. Өкінішке қарай, республикада нутрициологтер дайындайтын бірде-бір оқу орны жоқ. Тек биылғы оқу жылынан бастап С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да нутрициология білім бағдарламасы бойынша магис­тратурада мамандар даярлана бастады. Ал олар тәжірибеде әлі іске кірісе қойған жоқ. Бұған қоса екі жылдық дайындықтан өткен Ресейдің превентивті медицина бағытындағы нутри­цио­лог­терді кәсіби маман ретінде қабылдауға болады», дейді ғалым.

Бүгінде Қазақ тағамтану академиясы тағамдардың қауіпсіздігі, уыттылығы, радиоактивтілігі, биоло­гия­лық құндылығына қатысты зерт­ханалық зерттеулер жүр­­гі­зетін болса, Алматы тех­но­­­логиялық универси­теті азық-түлік қауіпсіздігі, стан­дарттау мен сертификат­тау саласындағы мамандар­ды дайындайды. Ал жоғары оқу орында­рында нутри­­цио­логтерді кәсіби класифи­ка­торға енгізу жағы енді-енді қолға алына бастады. Десек те, Айгүл Наға­шыбекқызы атап өткендей, елімізде тағам сапасын дұрыстауға кеңес беретін мамандар бол­ға­нымен, жұртшылықты дұрыс тамақтануға үйре­тетін нутрициологтер, дұрыс тамақ­танбау салдарынан туын­­­дайтын аурулардың алдын алатын диетологтерді да­йындау ісі кейінгі он жылда кәсіби стандарттар тізімінен ығысып, кенже қалды. Қазіргі кезде кәсіби диетологтер даяр­­лау ісі де өте өзекті болып отыр­­ған­дықтан, бұл іске де енді ғана көңіл бөліне бас­тады.

Кейінгі жылдарда ересектер ғана емес, балалар арасында артық салмақ көр­­сеткіші артып барады. ЮНИСЕФ, ДДҰ түрлі бастама­сы негі­зінде жүргізілген ғылыми зерт­теулерге сәйкес, 7-18 жас аралығындағы бала­­лар арасындағы артық сал­мақ көрсеткіші 25 пайызға арт­қ­анын байқауға болады. Балалар ағзасындағы зат ал­ма­судағы бұзылыстар олар­дың денсаулығына ғана емес, бүтіндей қоғамға кері ықпал тигізеді. Есейе келіп, қоғамға пайдасын тигізетін жас­та керісінше, оларды артық сал­мақтан емдеу қосымша шы­ғынға әкелетіні сөзсіз.

Қазір елімізде қолға алын­ған «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы балалардың та­­­мақтануында қордаланған бір­қатар мәселенің шеші­луі­не ықпалын тигізері сөз­сіз. Өйт­ке­ні мектеп асха­на­сын­да­ғы ас мәзіріне 50 ұлттық та­ғам енеді. Қанатқақты жоба аясында мектептерде оқушылар ет, құрт, жент, көжемен та­мақ­­­та­натын болды.

Сонымен қатар ғалым­ның айтуынша, саңы­рау­құлақтай қаптаған түрлі асхана, жедел тағам дүң­гір­шектерінде да­йындалатын тағамдарға талғам керек. Бүгінде бала ғана емес, бү­тін­­­дей отбасының зиянды тағамдарды тұтынуы қа­лып­­ты жағдайға айналып барады. Уақыт үнемдеу мақ­­сатында жедел дайында­ла­тын тағамдарға тапсырыс беру арқылы оның т­а­ғам­­дық құрамына аса мән беріл­мейді. Сапа сертификаты тек­серілмейді. Сондықтан бала­ларды тамақтандыруда қазіргі күн үдесіне сәйкес келмейтін нормаларды өзгер­ту қажет. Яғни жаңа заман балалары үшін жаңаша ас мәзірі керек. Осы орайда хал­қы­мыздың құнарлы, нәрлі ұлт­тық тағамдарын күнделікті ас мәзіріне енгізу уақыт талабынан туып отыр.

 

АЛМАТЫ