Қостанай облысының полицейлері құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шыққан.Қарасу ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған.Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды.