• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2024

Апатпен күрес: Солтүстік Қазақстан облысында 700-ден астам әскери қызметші атсалысып жатыр

90 рет
көрсетілді

Өңірде су деңгейі күрт көтерілуінен Есіл өзенінің «Хромзавод» шағын ауданы маңындағы бөгетті тасқын су шайып кетіп, 114 тұрғын үй су астында қалды. Қазіргі уақытта Қарулы күштердің әскери қызметшілері Төтенше жағдайлар және полиция департаменттері мамандарымен бірлесіп, Петропавл қаласы маңындағы былғары зауыты ауданында эвакуациялық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар әскерилер қаптарға құм салу, ықтимал су басу учаскелеріне тосқауылдар қою, бөгеттерді нығайту, гуманитарлық көмекті жеткізу-түсіру жұмыстарында жүр. Олар Бескөл, Үлкен Малышка, Борниевка, Далмовка, Тепличный елді мекендері тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Әскерилердің көмегімен қапшықтарды толтыру, Петропавл маңындағы айналма жолды нығайту, Заречный кентіндегі бөгетті бекіту жұмыстары жүргізіліп, Бескөл, Мичурин ауылдарында құм салынған қаптар төселіп жатыр.

Құтқару жұмыстарына «Астана» ӨңҚ, 68665 әскери бөлімінің және СҚО аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері тартылған.

Ведомствоның мәліметінше апатпен күреске 27 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қарулы күштердің 4 959 әскери қызметшісі, 170-тен астам автомобиль техникасы, 11 тікұшақ, 5 әскери-көліктік ұшағы жұмылдырылған. 2 724 жергілікті тұрғын эвакуацияланып, 828 адам және 136 тоннадан астам жүк тасымалданған. 352 600-ден астам қап құм дайындалып, төселген.