• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 14 Сәуір, 2024

Жамбы атудан Азия федерациясының басшысы сайланды

186 рет
көрсетілді

Алдағы қыркүйек айының 8-18 күндері Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтетіні жайлы көпшілік хабардар. Аталмыш шара әлемдік этникалық спорт түрлерін насихаттаудың бірегей үлгісі ретінде бағалануда, деп жазады Egemen.kz.

Осы орайда, жоғарыдағы мәртебелі жарыстың алғашқы дайындығы іспетті 15-18 сәуір күндеріШымкент шаһарында тұңғыш рет Жамбы атудан ересектер арасында Азия чемпионаты өткелі жатыр. Бұл сайысқа Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Таиланджәне Қазақстан қатарлы 30 елдің 60 астам мергендері «Мажар», «Азия», «Түркі» стилдері бойынша сайысқа түседі деп күтілуде.

Осы орайда, жоғарыдағы мемлекет өкілдерінің қатысумен тарихта тұңғыш рет қазақтың төл өнері «Жамбы ату» стилі бойынша Азия құрлық федерациясы құрылып, оның басшылығына қазақстандық бизнесмен Еркебұлан Ілиясов сайланды. Болашақта федерацияның кеңсесі Қазақстанда орналасатындықтан жиынға қатысушы өкілдер аталым мекеменің атқарушы директоры ретінде ұсынылған Елнұр Исақұлдыңкандитатурасын бекітті.

Сондай-ақ, жаңадан құрылған федерацияыныңвице-президенті болып қытай елінің өкілі ДжангЛи мырза сайланса, төрешілерге төрағалық ету міндеті Оңтүстік Африка елінің азаматы АмалиРачкеге жүктелді.

Бас қосу барысында, Қазақстан Республикасы Жамбы ату федерациясының вице-президенті Бақдәулет Сәбитов, жиналған көпшілікке Азия жамбы ату федерациясының алдағы бес жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, ұйым құрамына енген елдерге Жамбы ату спорты бойынша болашақта қолдаулар болатынын жеткізді.

«Бүгін біз тарих бетінде із қалдыратын, ерекше оқиғаға куә болып отырғанымыз. Ат үстінде садақ атудан Азия федерациясының басты мақсаты – қазақтың мергендік өнері «Жамбы ату» стилін 2030 жылы Дохада өтетін жазғы Азия ойындарынаенгізу. Осы мақсатта Қазақстан тарапы федерацияға мүше мемлекеттердің мергендерін қолдауға дайын. Соның бір дәлелі – алдағы төртжылда федерация мүше мемлекеттерге ешқандай жарна төлетпейді және қаржылық көмек көрсетеді», Бақдәулет Маратұлы.

Жиын үстінде федерацияға жаңадан мүше болған мемлекет өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Бұйырсаалдағы уақытта Жамбы атудан жыл сайын дәстүрлі түрде Азия чемпионаты, Азия кубогі және халықаралық турнирлер өткізіп тұруға тоқайласты.