Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды, деп жазады Egemen.kz.
«9 мамыр таңертеңнен Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауға алынған», делінген ТЖМ хабарламасында.