Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған аймақта жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынған.
«Қазгидромет» РМК жүргізгер гидрологиялық мониторингке сәйкес, бүгінгі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша: Атырау - 533 см. Тәулігіне + 5 см. Индербор ауданы 1026 см. Тәулігіне +12 см. Махамбет ауданы 939 см. Тәулігіне +15 см. Айта кетсек, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түскен. Тасқын ахуалы ТЖМ құтқарушыларының бақылауына алынды.