• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2024

Қарағандыда аудан әкімі орынбасарының басы дауға қалды

166 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында аудан әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасарының басы дауға қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасары Берекет Жайназаров қоқыс жәшігін тепкені бейнеленген видео тарады. Қоқыс жерге шашылды.

Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға былтыр күзде болған, алайда аудан әкімінің бейнебаяны желіде енді тарады.

- Аудан әкімінің орынбасары мердігерге қоқыс жәшігінің нашар бекітілгенін, жұмыстың нашар жүргізілгенін көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын бұзу бөлігі бойынша оған қатысты шаралар қолданылады. Өйткені, мұндай мінез-құлыққа кез келген жағдайда, тіпті бұзушылық анықталған жағдайда да жол берілмейді, - деп атап өтті әкімдіктен.

      Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новостная редакция MSU.CITY (@msu.city)