Кейбір құстың атауын білсек те, олардың айрықша жаратылысына қанық емеспіз. Мәселен, құс атаулының арасында киви ғана өзінің денесінен үлкен жұмыртқа жұмыртқалайды. Оның ерекшелігі тек бұл емес.
Қанаты бар құстың бәрі ұша бермейтінін жақсы білеміз. Киви де дәл сондай жаратылыс. Сөйте тұра ол бір түнде бірнеше шақырымды бағындыра алады. Түнде деп отырғанымыз да бекер емес. Өйткені олар күндіз нашар көреді әрі көздері өте кішкентай. Қанаттары толыспаған, көздері әлсіз, құйрығы тіптен жоқ бұл құс 50-60 жыл өмір сүреді. Ең ғажабы, киви – Жаңа Зеландияның ұлттық рәмізі. Ол аталған мемлекеттің ақшасында, елтаңбасында бейнеленген.
Колибри
Әлдебіреу колибри деген сөзді айта қалса, ойымызға ең кішкентай құс деген анықтамасы қатар келеді. Бірақ сол кішкентай құстың 350 түрі бар.
Колибридің ең үлкені оңтүстікамерикалық Анд 22 сантиметр болса, ең кішкентайы 6 сантиметрге жетеді. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі, колибри – артқа ұша алатын жалғыз құс. Бұдан бөлек ол аралар сияқты көптеген өсімдік түрін тозаңдандырады, сонымен бірге гүл шырындарымен қоректенеді. Табиғатқа зиянынан гөрі пайдасы көбірек тиетін колибриді де адамдар сұлулығы мен сүйкімділігі үшін аулап, кейінгі жылдары саны азайып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Үкі
Жапалақ тұқымына жататын құстардың ішінде тек үкі ғана «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Үкілер иісті нашар сезеді. Оның есесіне көру және есту қабілеті өте жақсы дамыған. Көзінің қырағылығы соншалық, жемін түнде аулайды. Бір қызығы, үкі басын оңға да, солға да 135˚ бұра алады. Сонда басы 270˚ бұрылады деген сөз. Мұның себебі мойын омыртқасы басқа құстар секілді 7 емес, 14 сүйектен тұрады. Ғалымдардың айтуынша, құлағының есту мүмкіндігі адамнан 50 есе жоғары.