• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Маусым, 2024

Мұхтархан Ділдәбеков Париж Олимпиадасында қай боксшыларға сенім артатынын айтты

424 рет
көрсетілді

Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков SPORT+ басылымына берген сұхбатында Париж Олимпиадасында бақ сынайтын боксшылардың бабы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мұхтархан Ділдәбеков Токио олимпиадасындағы нәтижені ескере отырып, Париждегі сынға жолдама алған боксшылардың мүмкіндігін саралады.

«Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев екінші Олимпиадасына қатысуға дайындалып жатыр. Екеуі де Олимпиаданың не екенін біледі. Ағайынды Оралбайлар мен Махмұд Сабырхан сынды спортшылар да күтпеген нәтижемен қуантуы мүмкін. 2000 жылы Бекзат Саттархановты да Олимпиада жеңімпазы болады деп кім күткен? Менің ойымша, биыл алтын медаль күтуге болады, қазір қазақ боксының жеңісті дәстүрін қайтару үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Париж ойындарына екі айға жуық уақыт қалды. Олимпиададан кейін қазақ боксы жеңіс дәстүріне қайта оралады деп ойлаймын», деді Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар