• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2024

Шуақ төккен жеті лагерь

156 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысындағы таби­ғат аясында орналасқан жеті лагерь 5 мау­сымнан бас­тап балаларды қабылдады. Мұны­мен қа­тар облыс­ ор­та­­лығы және аудандарда ұйым­дастырылатын 673 мек­­те­п­ішілік лагерь­дің 293-і таңер­теңгілік 09.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істеп, бала­ларға ыстық тамақ ұйым­дас­тырады. Айта ке­ту ке­рек, Ақтөбе облысында 1-10 сынып­тарда оқитын 159 мың 381 бала бар.

Облыстық білім бас­қар­­масы басшы­сы­ның орын­басары Нұргүл Берті­леуо­ва­ның айтуынша, өңір­де­гі мем­ле­кеттік «Күншуақ» және «Әлия» ла­герь­лерінде аз қам­тыл­ған, көпбалалы от­басылар мен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың балалары үшін тегін жолдама бөлінді. Мәселен, жаз бойы «Күншуақ» лагері 606 бала­ны қабылдауға даяр. Бұл жерде ден­сау­лы­ғында кінәраты бар ба­лалардың ты­ны­ғуына ерекше жағ­дай­ жасалған. Әсіресе сал ауруы­на шал­дыққан бала­лар «Күншуақ­қа» келуге құштар. Өйт­кені мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларды атпен се­руендетеді. Оған қоса лагерь аула­сындағы гүлдерді, бақшадағы көкөніс­терді балалар өздері күтіп ­бап­тайды. Маусымның басында­ Қобда ауда­ны­ның Егіндібұлақ елді мекенінің жа­нын­дағы «Әлия» лагері есігін ашты. Әзір­ше осы жаңа демалыс орнына төрт мау­сымға 288 оқушы қабылданады. Егін­ді­бұлақтағы лагерь кестесі спорт­тық, па­триоттық және шығар­ма­шылық ба­ғыттарға бөлінген. Өңірде балаларды сауықтыратын орта­лықтардың тап­шы­лығы туралы көп­тен бері мәселе көте­ріліп жүр. Сол олқылықтың орнын «Әлия» лагері толтырмақшы. Бұл әуелгіде мүге­дектігі бар ересек адамдарды таби­ғат арасында сауықтыратын орта­­лық ретінде салына бас­тап, ағаш­тан қиып салын­ған бірнеше үй мен асханасы бой көтеріп, ауласы қор­шалды. Алайда ауыл­дан алыс, инфрақұрылымы жоқ жерде салынғандықтан, науқас­тардың тұруына қолай­сыз­дық тудырды. Содан кейін спортшылардың қыс мез­­гілін­де оқу-жаттығу орнына ай­нал­­ды­ру туралы ұсыныс түсті. Бірақ не газ, не ауызсуы тар­тыл­маған­дық­тан, қыс пен күзгі уақытта адам­дарды қабылдауға мүм­кін­дік бол­мады. Ақыры құрылыс оқ­у­шы­лар лагеріне айналып, облыс­тық спорт басқармасынан білім бас­қар­­ма­­сының меншігіне көшіріліп жа­тыр.

Үш ай жазғы демалыс кезінде Ақ­тө­бе облысын­да «Шұғыла» (алты­ мау­сымға 1 800 бала), «Әсем» (алты­ мау­сымға 1 800 бала), «Сampit» (7 мау­сым­ға 2 100 бала), «Көкжар-Бәйтерек» (3 мау­­сым­ға 270 оқушы), «Мұғалжар» (4 мау­­­сым­­ға 1 360 бала) жекеменшік ла­герь­лері жұмыс істейді. Елек және Қар­ға­лы өзендеріне таяу, табиғат арасында орналасқан осы лагерьлер­ге сатылатын жолдама 10-12 күн­­­ге шамамен 80-110 мың­ теңгені құ­рай­ды. Лагерь жолдамасын ата-ана жеке қаражатына, не өздері жұ­­мыс істейтін өнді­ріс орындарының кә­сіподақ ұйымынан жарты бағасына са­тып алады. Мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналарға «Қазақстан халқына» қоры көмекке келіп, биылғы жазда елі­міздегі 1 147 ауыл баласын тегін дема­лыспен қамтуды жоспарлап отыр. «Қа­зақстан халқына» қорының жол­дама­сына көпбалалы, тұрмыстық жағ­дайы төмен отбасы балаларымен бір­ге шы­ғармашы­лық, зияткерлік сайыстарда үздік шыққан өрендер де ие болмақшы.

 

 Ақтөбе облысы