• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2024

СҚО-да түгел бір отбасы астан уланып, 2 баласынан айырылып қалды

131 рет
көрсетілді

13 маусым күні СҚО, Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде тұратын отбасы астан уланып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Уланып ауруханаға түскен екі баланың өмірін арашалау мүмкін болмады. 3 және 6 жастағы екі бала емдеу мекемесінде көз жұмды. 

СҚО полиция басқармасы астан улану дерегі бойынша 2 баланың өмірі қиылғаны және 3 адамның ауруханаға түсуі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  аталған дерек бойынша тексеріс басталып, тамақтың сынамасы зертханаға жіберілгенін мәлімдеді.