• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2024

Онкологиялық орталық салынады

142 рет
көрсетілді

Өңірде денсаулық саласына инвестор тарту жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұған дейін заманауи медициналық құрылғыларға инвестиция құйылған еді. Енді қаржыландырушы тараптың көмегімен онкологиялық орталық бой көтереді. Бұл іске «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы тікелей жауапты болмақ.

Өкінішке қарай, өңір­де жылдан жыл­­­­ға онколо­гия­лық сырқатқа душар болған тұр­­ғындардың саны артып келеді. Бұл мәселе Үкіметте де көтерілген. 2022 жылы Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген жұмыс сапарында осындай орталық салу туралы тапсырма берген. Осы ретте облыс әкі­мі Бейбіт Исабаевтың бас­тамасымен Денсаулық сақтау министрлігі және «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы үш жақты меморандумға қол қойды. Мұндағы мақсат – облыстағы денсаулық саласын жандандыру ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау.

«Әртүрлі нұсқалар болды. Алдымен біз салынып жат­қан ғимараттың қолданылу мақ­сатын өзгертуді жоспарладық, онда облыс бөлінгенге де­йін сот ғимараты болады деп жос­парланған. Бірақ объективті себептерге байланысты бұл жоспарға сәйкес келмеді. Енді ол жерде 500 орындық емхана болады, бұл жаңадан кеңейіп келе жатқан шағын аудан үшін өте қажет. Біз Кербұлақ ауданында мыс өндіретін тау-кен байыту ком­бинатын салумен айналысып жатқан «Kazakhmys Holding» компаниясының басшылығымен жарты жыл көлемінде келіссөздер жүр­гіздік. Бұл – құны 1 трлн тең­ге шамасындағы үлкен ин­вестициялық жоба. Эдуард Викторович компа­ния қа­ра­жаты есебінен онко­ло­гия­лық орталық салу жө­нін­­де­гі ұсынысымызды қол­дады. Бүгін біз арнайы мемо­ран­думға қол қою арқылы уағда­ластығымызды ресми түрде бекітеміз», деді Б.Исабаев.

Бүгінде онкологиялық ауру­­лар жүрек-қан тамыры ауру­ларынан кейінгі 2-орында тұр. Сон­дықтан қазір­гі заманғы он­кологиялық ор­та­лықтың құрылысы он­ко­логиялық ауру­лармен күре­су­дің жүйелі шарасы ретін­де аса қажет. Мұны «Kazakh-­mys Holding» ЖШС дирек­тор­лар кеңесі­нің төраға­сы Эдуард Огай ­айтып отыр. 1993 жылдан ­бері жұмыс істеп ­келе жат­қан компания әлеу­мет­тік мәселелер­ге бағдарланған.

«Бұған дейін Қазақстан бойынша бірнеше әлеумет­тік маңызды жобаларды іске асырдық. Су тасқыны мен оның салдарымен күрес ке­зінде де сырт қалған жоқ­пыз. Жоспарланып отыр­ған кен байыту комбина­ты­ның құрылысы метал­лур­­гия­ның дамуына, жаңа жұ­мыс орындарының ашы­луы­на ықпал ететін бола­ды. Әлеуметтік жауапкер­ші­лігімізді түсіне отырып, біз он­кологиялық орталық са­лу жөніндегі ұсынысты қол­дадық. Комбинат салумен қатар, осы маңызды меди­ци­налық мекеменің құры­лы­сымен де қатар айналысамыз», дейді Э.Огай.

Өңір әкімі баспасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, мұн­да бюджет қаражатын тиім­ді пайдалану мақсатында Жам­был облысындағы 200 орын­дық онкологиялық орта­лық құрылысының жоба­сы негізге алынып отыр. Бұл рет­те ең маңыздысы – орта­лықты заманауи материал­дық-техникалық базамен қам­тамасыз ету. Бұл мәселеде Ден­­саулық сақтау министрлігі жәрдемдеседі.

Бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазір онкология­лық сыртқаттар бойынша көрсетілетін қызметті да­мы­туға басымдық беріледі. «Он­кологиялық аурулардың жыл сайынғы орташа өсімі 5 пайызды құрайды. Бұл ретте өлім-жітім 2-3 пайызға тө­мендеді. Осындай аурумен ауыратын науқастардың 5 жылға дейін өмір сүруін 60 пайызға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2023-2027 жыл­дар­ға арналған онкология­лық аурулармен күрес жөнін­дегі кешенді жоспар бекітілді, оның шеңберінде Жетісу облысы үшін арнайы жоғары технологиялы, медициналық ауыр жабдықтар сатып алу көзделген. Әкімдік пен де­меу­шінің онкологиялық қыз­метті дамытуға баса назар аударғаны бізді қуантып отыр», деді Т.Сұлтанғазиев.

Мұнан соң Қазақ онкология және радиология ғылы­ми-зерттеу институтының ди­­ректоры Диляра Қайда­ро­­ва Талдықорғанда жұмыс іс­теп тұрған онкологиялық ор­та­лықтың моральдық әрі фи­зи­калық тұрғыдан ескір­генін, ал заманауи жаб­дық­тармен жасақталған жаңа орта­лық­тың құрылысы инс­­титут үшін ерте диаг­нос­тиканың сапа­сын арт­ты­руға көмектесетінін, ин­новациялық оңды ем ұйым­дастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Облыс басшысы кадр мә­селесі ерекше өзекті екенін тілге тиек етті. Жетісуда заманауи онкологиялық орта­лықты салу туралы ше­шім қабылданғанға де­йін бе­кітілген Кешенді жос­пар­дағы белгіленген жаб­дық­тар ендігі жерде жет­кі­лік­сіз болатынын, қосымша қа­жеттілік тағы да артаты­нын айтты. Денсаулық сақ­тау министрлігі мен маман­дандырылған институттың өкілдері осы екі мәселені ше­­шуде қажетті қолдау көр­сеті­летініне сендірді.

Кездесу соңында үш жақ­­ты меморандумға қол қо­­йылды. Бейбіт Исабаев жиын­­ды қорытындылай ке­ле, әлеу­меттік маңызы бар іс­тегі алғашқы қадам жүзеге асы­рылғанын, бұдан әрі инвес­тор компания өкілдері мен об­лыстық құрылыс басқармасы ара­сында келісімге қол қойы­латынын жеткізді.

 

Жетісу облысы